Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «СЛАВЯН БАЗАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

«СЛАВЯН БАЗАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Мен үшін халықтың пікірі маңызды. «Славян базары» халықаралық өнер байқауында бірінші орын алған отандасымыз қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді деп хабарлайды 24.kz.
«Әміре» деген лақап атпен белгілі Ернар Садырбаев ақтық сында румыниялық әншімен ұпайы тең түссе де қазылар бас жүлдені қарсыласының қанжығасына байлады. Әміре мен Марчел Рошка екеуі теңдей 156 ұпай жинаған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жас әнші жоспарларымен бөлісті.
Ернар Садырбаев, «Славян базары» халықаралық байқауының I-орын иегері:
- Себебі халықтың батасы, халықтың көңілі ең бастысы. Ешкімнен кем ұпай алған жоқпыз. Екі күн бойы жоғары да бірінші орында тұрдық. Әрі қарай болған шешім қазылардың шешімі. Бірақ мен үшін халықтың көңілі, өзімнің көрсеткен өнерім.


21 шілде 2018 ж. 278 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области