Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – БАРШАМЫЗДЫҢ БОРЫШЫМЫЗ

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ – БАРШАМЫЗДЫҢ БОРЫШЫМЫЗ

Жаздың аптап ыстығы басталысымен Сырдарияныың жағасындағы қалың жұрт суға түсуге асығады. Әрине, күн күйдіріп, аптап соққан кезде суға түсіп салқындағанның айыбы жоқ. Дегенмен, мұндай жағдайда қауіпсіздік шараларын ұдайы есте сақтағанымыз жөн. Өйткені, судағы қауіпсіздікті сақтамаудың соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғу мүмкін.
Мәселен, облысымыз бойынша суға түсі маусымы басталғалы 10 адам суға кеттіпті. Бұл – қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның кесірінен болып отыр. Жуырда Шиелі ауданында осындай 1 жағдай тіркелді.
Күн қабағын болжаушы мамандардың айтуынша, ауа-райының жоғары температурасы әлі де біраз уақыт сақталады. Осы орайда келеңсіз жағдайлардан аулақ болу үшін әр азамат судағы қарапайым ережелерді сақтағаны жөн.
Атап айтқанда, тыйым салынған және де бейтаныс жерлерге шомылуға болмайды. Сондай-ақ, көпірлер мен жағалаулардағы бөгетшелер мен қайықтардан суға секіруге болмайтынын ескертеміз. Күннің аптап ыстығында және қараңғыда, тамақтанғанан кейін терлеп тұрғанда кезде, сонымен қатар ішімдік ішкеннен кейін суға түсуге тыйым салынған. Ең бастысы – шектейтін арнайы белгілерден асып кетуге болмайды. Қараусыз қалған немесе техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолдануға болмайтынын да еске саламыз.
Бұған қоса, кейбір ата-аналар су жағасындағы демалыс кезінде шомылып жүрген балаларын ұмытып, бақылаусыз қалдырып жатады. Су жағасында балаға (оның өміріне) самарқаулықпен қарауға мүлде болмайтынын да еске саламыз. Міне, осы ережелерді сақтамау су қоймаларындағы қайғылы жағдайдың болуына әкеп соқтырады. Сондықтан да суға түсу кезінде белгілі қағидаларды сақтағанымыз абзал.
Аталған ережелерді дұрыс пайдаланғанда ғана демалыс көңілді өтеді.


Ш.ШЕРАЗОВ,
Шиелі ауданының төтенше жағдайлар
бөлімі бастығының міндетін атқарушы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты
16 шілде 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области