Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛУКАШЕНКО РОЗА РЫМБАЕВАҒА «СЛАВЯН БАЗАРЫ» ПРЕЗИДЕНТТІК МАРАПАТЫН ТАБЫС ЕТТІ

ЛУКАШЕНКО РОЗА РЫМБАЕВАҒА «СЛАВЯН БАЗАРЫ» ПРЕЗИДЕНТТІК МАРАПАТЫН ТАБЫС ЕТТІ

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат belta.by сайтына сілтеме жасап.
Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.
«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», - деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.
Роза Рымбаева - эстрада әншісі, актриса және педагог, Қазақстанның халық әртісі, Астананың құрметті азаматы. Оны Қазақстанның алтын дауысы және Орталық Азияның бұлбұлы деп атайды. Роза Рымбаева өзінің шығармашылық мансабында 18 жеке альбом шығарып, тоғыз музыкалық жинаққа атсалысқан.
Айта кетейік, Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылған еді.


15 шілде 2018 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области