Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ


Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «қыруар істі атқарған, ел дамуына үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр», - деген болатын. Ендеше халқына жанашыр тұлғаларды дәріптеп, олардың еңбегіне құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау баршамыздың баройлы ісіміз болмақ.
«Жомарт жүрек» жобасы маңызды қоғамдық бастамаларды көтеріп, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы маңызды жобаларды нәтижелі атқарған жанашыр азаматтар мен ұжымдарды марапаттайды. Салтанатты марапаттау аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өткізіледі. Біздің облыста марапаттаудың алғашқы кезеңі Арал ауданынан басталған-ды. Міне, ол Қазалы ауданында жалғасып отыр.
Иә, азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын, жаны жайсаң мейірімді жандар қашанда қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда Қазалы ауданы әкімдігінде қоғам жұмысына белсене ат салысып, қайырымдылық қызметтерді ауқымды түрде атқарып, ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарды құттықтауға арналған "Жомарт жүрек" салтанатты шарасы өтті.
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің шешімімен жарқын болашақ жолында еселі еңбек еткені үшін «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы» және «Ерен еріктілік» номинациялары бойынша бірнеше азаматтар мен ұйымдарға "Диплом" мен ескерткіш сыйлық табыстады.
Номинация иегерлерін Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Талайлы Бөріқұлақов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.                                        


13 шілде 2018 ж. 148 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области