Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДА БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

АРАЛДА БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ

Бүгін Қамбаш көлінде Арал балықшыларынң IV слеті өтті.
Теңіз тұңғиығынан маржан терген еңбекшілердің мерекесін тойлау аймағымызда 2015 жылдан бастап жалғасып келеді. Дәстүрге айналған шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Салтанатты шарада бұрынғы балық аулауда қолданылған құрал-жабдықтар мен кешегінің көзіндей болған құнды жәдігерлер көрмеге қойылып, теңізден ауланған сан алуан балықтар сөреден орын алды. Айтулы мерекеде балықшыларды құттықтап сөз алған облыс басшысы Қырымбек Көшербаев Аралдың арнасының толуы ата кәсіпті жалғаушылардың теңіз маңына қайта табан тіреуімен тығыз байланысты екендігін айттты. Сондай-ақ, Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынып, «ғасыр жобасы» атанған САРАТС жобасының кезең-кезеңімен орындалуы облыста балық шаруашылығын жетілдіруге септігін тигізуде деді, - аймақ басшысы.
Шара барысында балық шаруашылығында жетісттікке жетіп жүрген, жемісті жұмысымен көзге түскен 9 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен мараптталды. Сонымен қатар түрлі номинация бойынша елеулі еңбек еткендерге ноутбук пен тұрмыстық техникалар сыйға берілді.
Салтанатты жиын барысында балықшылардың өмірінен сыр шертетін көріністер қойылды, әншілер мен жыршылар ән мен жырдан шашу шашты. Балықшылар тойына арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Ибрагимов Арал жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады. Ал қоңыр даусымен тыңдаушылардың жүрегін баурай білген Нұрлан Өнербаев жағажай маңын әсем әнге бөледі.
Талантты әнші Серік Ибрагимов мерекелік кеш қызығын артттыра түсті. Осылайша, теңіз төскейіндегі балықшылар қауымы дәстүрге айналған балықшылардың төл мерекесі биыл да өзіндік сән-салтанатымен ерекше атап өтті.




13 шілде 2018 ж. 69 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области