Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


    Қазалы ауданының «Әлсейіт» участкесіндегі қалқымалы көпірдің орнына жаңа көпірдің құрылысы басталды.
     Ұзақ жылдар бойы Арал, Қазалы аудандарының тұрғындары Сырдария өзенінен қалқымалы өткел арқылы немесе жүздеген шақырым айналма жолмен өтуге мәжбүр болатын. Биыл жаңа көпірдің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазір «Әлсейіт» учаскесінде құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде.
    Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы барып, аудан тұрғындарын көптен күткен осы қуаныштарымен құттықтады.
    «Бүгінгі таңда елді мекен тұрғындары үшін жол қатынасы, көпір мәселесі – ең үлкен өмірлік өзекті қажеттіліктердің бірі. Аудан тұрғындарының 90 пайыздан астамы Сырдария өзенін жағалай қоныс тепкендіктен, көпірдің маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Оның үстіне осы өзен үстімен өтетін қалқымалы көпірдің күйі арғы-бергі беттегі ағайынды бірдей алаңдатып, көктемгі, күзгі сең жүру кезеңдерінде әбден әбіржітіп келді. Бұл мәселе кеңес дәуірінен бері шешімін таппай келе жатыр. Міне, бүгінгі күн түйткілді мәселе шешіліп, Қазалы мен Арал аудандарының халқы көптен күткен көпір құрылысын бастағалы тұрмыз. Амандық болса, жаңа көпір Қазалы ауданының 7 ауылы мен Арал ауданының 6 ауылындағы 14 мыңнан астам тұрғынына қызмет ететін болады», - деді облыс әкімі.
    Көпірдің жалпы ұзындығы 220 метрге жуық, ені – 12 метр, оның ішінде 2 жолақты автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған жол да қарастырылған. Көпір құрылысы 2019 жылы аяқталуы тиіс.
    Сондай-ақ, облыс әкімі Жалаңтөс батыр ауылындағы жаңа 150 орындық  клуб және жаңартылған орталық алаңды аралап, Қазалы қаласының 150 жылдығына орай жасалған Жастар мен Ардагерлер алаңдарының абаттандыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар,  Қазалы аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірттерімен кездесті.





06 қараша 2017 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области