Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРҒА ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУ ҮШІН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕР ТЕЛІМІ ТАБЫСТАЛАДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРҒА ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУ ҮШІН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕР ТЕЛІМІ ТАБЫСТАЛАДЫ


    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кезекте тұрған алғашқы 10 адамға инфрақұрылымы толық жеткізілген   жер телімдерінің құжаттарын табыстады.
    Аудан орталығы - Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының маңында жаңа тұрғын аудан бой түзеп, 3 мыңнан астам жеке тұрғын үй салынбақ. Аймақ басшысы жер телімдерін алушыларды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
    - Бүгінде аудан орталығының өзінде 6 мыңға жуық адам жер кезегінде тұр. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін беру тоқтатылды. Оның объективті себептері болды.    Яғни, Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін әуелі су, жол, электр желісін жеткізу қажет. Бұл жұмыстар жолға қойылып, үш мыңнан астам аудан тұрғындарына жер телімі берілмек. 2018-2019 жж. Қалған жер телімдерінің құжаттары әзірленіп, иелеріне табысталады. Болашақта қала мен кенттің қосылуы нәтижесінде бұл орын үлкен орталыққа айналатын болады», - деді облыс әкімі.
    Аудан тұрғыны Мейрамгүл Төлегеннің айтуынша, жер телімін алу үшін 2012 жылы кезекке тұрған. «Жерімізді көрдік, өте жақсы, болашақ көршілерімізбен танысып жатырмыз. Елбасымыз бен облыс және аудан басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз», - дейді ол.
    Атап өту керек, мыңға жуық жер телімін Қазалы қаласының тұрғындары алса, қалғандары аудан орталығының тұрғындарына берілетін болады.
    Естеріңізге салайық, өткен жылы Қызылорда қаласында 6600, ал Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 1400  жер телімінің құжаттамасы әзірленіп, «Бәйтерек» және «Тәуелсіздік» шағын аудандары бой көтерген болатын. Болашақта жеке тұрғын үйлер Қызылорданың жаңа бөлігі – Сырдарияның сол жағалауында да салынатын болады.

06 қараша 2017 ж. 195 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области