Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛУДА

ДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛУДА


     Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
     БАҚ өкілдерімен кездесуде дариядағы ахуалды баяндаған облыс әкімі орынбасарының айтуынша бүгінгі күнге Шардара су қоймасына секундына 771 текшеметр су түсуде. Осыған байланысты дария арнасына су мол жіберілуде.  
     ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, Нарын-Сырдария каскадында орналасқан су қоймаларының толуына байланысты алдағы күз-қыс кезеңдерінде төменгі ағысқа 3,5 – 4 мың текшеметр көлемде су жіберілуі болжануда. Осыған байланысты, 31 қазан күні облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
     Жалпы облыс аумағындағы жағалау қорғаныс бөгеттерінің 91 қауіпті учаскесі анықталған. Қазіргі таңда 63 нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 12-де жалғасуда. Шардара су қоймасынан төменге мол су жіберіліп, Сырдария өзенінде су деңгейінің жоғары болуына байланысты 16 нысанда қалпына келтіру жұмыстары әлі басталған жоқ. Сонымен бірге, су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлардан 113,9 тонна жанар-жағар май, 274200 дана қаптар, 10400 бау қамыс, 3800 пашын, 3600 қарабура және өзге де материалдар әзірленді

03 қараша 2017 ж. 619 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области