Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҰЛТАНЫНА 156 МЫҢ ГЕКТАР СЕКСЕУІЛ ЕГІЛДІ

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҰЛТАНЫНА 156 МЫҢ ГЕКТАР СЕКСЕУІЛ ЕГІЛДІ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
     БАҚ өкілдеріне басқарманың 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы облыс аумағында мемлекеттік орман қоры туралы айтып өтті.
    Орман қорының жалпы көлемі 6,5 млн.гектар болса, соның 3 млн. гектары орманды алқаптар.
    Облыс әкімдігіне қарасты 8 орман шаруашылығы мекемесі бар. 594 мың гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Орман өртінің алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады
    Өртке қарсы 438 шақырым жаңа, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізілді.  2017 жылы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 1 су таситын автокөлік, 2 дана күзет автокөлігі алуға қаржы бөлінген.
    Орман алқабын молықтыру мақсатында жыл сайын 10 707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде.
    Брифингте белгілі болғандай соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 156 мың гектарына сексеуіл егілген.

03 қараша 2017 ж. 872 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области