Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУГЕ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА 8,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУГЕ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА 8,7 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
    Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,716 млрд. теңге бөлініп, жалпы 165,9 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарланған.
    Тоғыз ай ішінде 85 шақырым жол жөнделіп,  2 көпірге қайта жаңғыртылды, тағі бір көпірге күрделі жөндеу жасалып, пайдалануға берілді.  Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты  шығады. Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында,
    2014-2016 жылдар аралығында үлкен сыйымдылықтағы барлығы 112 жаңа автобус алынып, қалалық тұрақты (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде. Осы жылдың 15 тамызында қала көлемінде қызмет көрсететін автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустарға қызмет көрсететін базасы бар автобус паркінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдар аралығында бюджет қаражат есебінен қосымша орта сыйымдылықтағы 150 жаңа автобустар сатып алу жоспарлануда.

03 қараша 2017 ж. 563 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области