Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚЫН СЕРІК ЫДЫРЫСОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АҚЫН СЕРІК ЫДЫРЫСОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қармақшы ауданының тумасы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жоғары дәрежелі «Алтын медальдің» иегері, доцент, педагог-оқытушы, халықаралық және республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Серік Ыдырысовты аудан әкімі Сұлтан Мақашов қабылдап, мерейлі 60 жасқа толуына орай «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Мерейтой иесі өз кезегінде сөз алып, ауданымыздың 90 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетіліп отырғанына ризашылығын білдірді. Қай жерде жүрседе, қандай қызмет атқарсада туған елі әрқашанда ыстық екендігін өлең жолдарымен жеткізді. Мерейтой иесімен кездесу барысында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, аудан ардагері М.Өтегенов, Қ.Есдәулетов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сырдың Серке Серігі» атты жыр кешіне ұласты. Кешті жырау С.Жақсығұлов жүргізіп, айтыскер ақындар А.Рахметов пен М.Сүгірбай айтыс өнерінің қызуын қандырып, жиналған жұртшылыққа рухани кеш сыйлады. Шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.



20 маусым 2018 ж. 948 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области