Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ МЕН ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ МЕН ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.
     БАҚ өкілдеріне басқарманың 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы  балық шаруашылығын жандандыру бағытындағы бастамаларды атап өтті.
    Аймақта Кіші Арал теңізі мен 196 жергілікті су айдыны бар. Олардың 148-і ұзақ мерзімге табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген.
    Биыл 7696 тонна балық аулау лимиті бекітілсе, оның 6934 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде. Балық аулау мерзімі шеңберінде (2017 жылдың 15 ақпанынан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін) бүгінгі күнге дейін 3512 тонна су маржаны ауланды.
    Облыста жылдық қуатты 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды.
    – Олардың үшеуі  өнімдерін экспортқа шығаруға еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын "Еврокод" алған. Үш жылда балық аулау көлемі 25 пайызға ұлғайды. Осы жылдың 9 айында облыс аумағынан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды. Негізінен қатырылған табан және көксерке филесіне сұраныс басым, – деді басқарма басшысы.

03 қараша 2017 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области