Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ САЙЫСТЫ

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖАС ИНСПЕКТОРЛАРЫ САЙЫСТЫ


Қызылорда облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі мен облыстық білім басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қозғалыстың жас инспекторларының слеті» өтті.
Слеттің мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын ескерту бойынша жұмыстарды жетілдіру және балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару.
Балалар жол полициясы қызметінің құрылу тарихы бойынша өздерінің білімін, ЖКО кейін тез арада медициналық көмек көрсете білуді және қиылыстарда қозғалыстарды реттеу бойынша біліктіліктерін көрсетті.
Слетте саптық байқау, ЖҚЕ білгірлері, үгіт бригадаларының сайысы, жас санитар, қауіпсіз дөңгелек, (велосипедті мәнерлеп жүргізу), жас білгірлер, жас реттеуші, ашық үзіліс сайыстары өткізілді.
Сап түзеуді өткізу барысында жас инспекторлар өздерінің дайындығымен тәртіп сақшыларын қуантты. ҚЖИ командалары салтанатты формамен сап түзеулерін тіптен ересектер сияқты көрсетті, яғни сап түзеп қана қоймай салтанатты маршпен жүре алды. Ал велосипедті мәнерлеп жүргізуден балалар қауіпсіздік ережесінің барлығын сақтады.
Ең көрнектісі, үгіт бригада байқауы болды. Бес минуттың ішінде жас инспекторлар ән, би, өздері шығарған өлеңдердің көмегімен залда отырған әрбір азаматқа жол қозғалысы ережелерін білуі қажеттігін түсіндіруге тырысты.
Жоғары деңгейде өткен бәсекелестіктің нәтижесінде Қызылорда қаласының №101 мектебінің ҚЖИ командасы «Қозғалыстың жас инспекторларының» 18-ші облыстық слетінің жеңімпазы атанды. Ал ІІ және ІІІ орынды Арал ауданының №13 мектебі мен Қармақшы ауданының №279 мектебінің ҚЖИ командалары бөлісті.
Шара соңында жеңімпаздар Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі



14 маусым 2018 ж. 16 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области