Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ


    «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалында Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуын талқылау мақсатында жастар мен мәслихат депутаттарының кездесуі болды.
    Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахмановтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық, қалалық, аудандық  мәслихат депутаттары, бірқатар  мемлекеттік орган басшылары мен жастар қатысты.
    Шәріп Әбдірахманов Елбасының әр жылғы Жолдауы - тарихи құжат екендігін айтып, оның  стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар Жолдауда Елбасы ел жастарына ерекше тоқталып, оларды әрдайым қолдап отыратынын тілге тиек етіп, ел дамуындағы жастардың рөліне тоқталды.
    - Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы сол елдің жастарына байланысты. Біздің алдымызға қойылып отырған ортақ міндет - 30 дамыған елдің қатарына ену болса, міне, осы жолда сіздердің, жастардың алар орындарыңыз ерекше,- деді Шәріп Әбдірахманов.
    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 жыл ішінде жастардың қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие алуларына жағдай жасап, сол бағытта «Болашақ» бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған елдердің ішінде тек біздің мемлекетте ғана жүзеге асырылып келеді. «Болашақ» бағдарламасының арқасында жастарымыз шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып келіп, қазір еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде.
    – Бұл Елбасының жастарды әрдайым қолдап, оларға үлкен сеніммен қарайтынын білдіреді. Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру елдің қуаты мен қозғаушы күші саналатын жастарға тікелей байланыст,-деді облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Жорабек Нұрымбетов.
    Кездесуде жастар халық қалаулыларына өздерін толғандыратын сауалдарын жолдап, ашық пікірлесті.

03 қараша 2017 ж. 537 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области