Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАРҚЫН ІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ

ЖАРҚЫН ІСКЕ ЖОЛ АШАДЫ


    Бүгін Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Латын әліпбиіне көшу — заман талабы» тақырыбында кездесу өткізілді. Аудандық мәдениет қызметкерлері мен кітапхана мамандары кездескен  кешті Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы міндетін атқарушы Н.Абусадиров жүргізіп отырды.  
    Кездесуде «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы төрағасы Өркен Исмайл латын әліпбиіне көшу – жаңа заман талабына ілесу екендігін айтып өтті. Бұған дейін латынға көшкен көрші елдермен салыстырғанда бізде жобалар халықтың талқысына ұсынылып, қоғамдық пікір тыңдалды.
     Оған тек тіл мамандары мен қоғам қайраткерлері ғана емес қарапайым қоғам мүшелері де атсалысты. Елге ұнаған нұсқаны Елбасы Жарлықпен бекітті.
    Жиынға қатысқандар жаңа әліпбиді насихаттауға бәріміз атсалысуымыз керек деген байлам жасады.

02 қараша 2017 ж. 260 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области