Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ


Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі отырысы алғаш рет көшпелі түрде Шиелі ауданында өткізілді. Онда 6 мәселе қаралды.
Көшпелі отырыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлық фактілері көп орын алған аудандарға барып, жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлеріне орын алып отырған заңбұзушылық салдарын түсіндіру.
Көшпелі отырысқа Кеңес мүшелері, Шиелі ауданындағы мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері және ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Отырысты Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов ашып, күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Ә.Оразбекұлы аудандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы есеп берді.
Әдеп жөніндегі кеңес мәселені жан-жақты қарап, Шиелі ауданының әкімі Ә.Оразбекұлына аудандағы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне мониторинг жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді де жандандыру ұсынылды.
Келесі кезекте Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары жайлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Тоқтыбаев тыңдалды. Аталған бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы мекемелерді қатыстыра отырып, түсіндірме жұмыстарын ұсыну туралы шешім қабылданды.
Келесі кезекте мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары жайлы есебі тыңдалған Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Абдрахмановқа ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелерін түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны жүзеге асыру ұсынылды.
Әдеп жөніндегі кеңестің 4, 5 мәселелері бойынша Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары Б.Доспанбетовтың және Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы А.Мамированың тәртіптік істері қаралды.
Кеңес мүшелері қызметтік тергеп-тексерудің материалдарын жан-жақты қарап, аталған азаматтар тарапынан тек рәсімдік заңбұзушылықтар орын алғандығы және конкурсты өткізу барысында мемлекетке ешқандай шығын келмегендігін ескеріп, тәртіптік істерді тоқтату жөніндегі шешімдерін қабылдады.
Соңғы мәселе 2018 жылға арналған Агенттік төрағасымен бекітілген кешенді жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің үймен, оның ішінде қызметтік пәтермен, жер учаскесімен қамтамасыз етілуіне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.
Кеңес шешімімен мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғау шараларын жақсарту мақсатында, бүгінгі күнге қанша мемлекеттік қызметші үй, қызметтік пәтерге, жер учаскесіне мұқтаждығына мониторинг жүргізуді және олардан үй, қызметтік пәтер, жер учаскесін алу туралы өтініштерін қабылдаумен шектелмей, қызметтік пәтер, жер учаскесін берілуін қамтамасыз ету үшін нақты іс-шаралар белгілеу бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне ұсыныс беру шешілді.
07 маусым 2018 ж. 378 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области