Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


    Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 4 мәселе қаралды.
    Әдеп жөніндегі кеңестің 2017 жылғы 3 тоқсандағы шешімдерінің орындалуының жай-күйі туралы департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.Байхожаев баяндама жасады.
    Отырыста Қызылорда облысының білім басқармасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды бұзудың алдын алу бағытындағы жұмыстар жайлы басқарма басшысының міндетін атқарушы Қ.Ерташованың баяндамасы тындалды.
    Әдеп жөніндегі кеңес Қызылорда қаласы және барлық аудан әкімдеріне, сондай-ақ білім басқармасына білім саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептеріне мониторинг жасап, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.
    Кеңесте қаралған келесі мәселе Қазалы қаласының әкімі Р.Ізтілеудің тәртіптік ісі туралы болды. Әдеп жөніндегі кеңес Р.Ізтілеуге мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
    Сонымен қатар, отырыста орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша сатып алу конкурстары талаптарын бұзған Шиелі аудандық білім бөлімінің бас маманы Г.Ералиеваның тәртіптік ісі қаралды.
    Тәртіптік істі қарау нәтижесімен, Әдеп жөніндегі кеңес Г.Ералиеваның іс-әрекетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 1-тармағының 4), 5) және 11) тармақшасында көзделген құқық бұзушылық тұрғысынан бағалап «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолдануды ұсынды.
    Сондай-ақ, отырыста Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілдерінің атқарған қызметінің нәтижелері тыңдалды.
    Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен әдеп жөніндегі уәкілдерге өздеріне жүктелген функцияларды тиісті деңгейде жүргізу ұсынылды.

02 қараша 2017 ж. 711 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области