Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР КӘСІПТІК ДАЯРЛАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР КӘСІПТІК ДАЯРЛАУҒА ЖІБЕРІЛДІ


    Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы іске асырылуда.
    Аталған кешенді стратегия Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ынталандыру негізінде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырып, оған берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек тиімділігіне сенімін арттырып, қоғамға бейімделу мүмкіндігі қарастырылған.
    Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр қалалық пробация қызметі Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байқоңыр қаласы бойынша секторымен бірлесіп «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Г.Серікбаева, Е.Көбеков, Р.Далиевті кәсіптік даярлауға жіберді. Академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінде сылақшы, тас қалаушы және тігінші мамандықтары бойынша білім алатын оларға ай сайын 21 787 мын теңге шәкіртақы төленеді.
    Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің ЗК-169/5 түзеу мекемесінен босатылып,  Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынған В.Жукке әлеуметтік көмек көрсету үшін Байқоңыр қаласына тіркеуге алуға құжаттар рәсімделіп, 15 000 теңге материалдық көмек көрсетілді. Ресей Федерациясының халыққа әлеуметтік көмек көрсету басқармасы арқылы Байқоңыр қаласындағы №1 тұрғын үй мекемесіне жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды.
    Кешенді стратегияның мақсаты - түрмеден босатылған және пробация қызметінде тіркелген адамдарға жан-жақты әлеуметтенудің ұлттық жүйесін құру, оның тиімді жүзеге асыру шарттары, бұл қайталанған қылмыстың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
    Н. БАЙМЫРЗАЕВ,
     Байқоныр қалалық пробация
    қызметінің бөлім бастығы.

02 қараша 2017 ж. 302 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области