Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ


    Бұл туралы Өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
    - Облыс бойынша 640 көпқабатты үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудандық бюджеттен 10 көпқабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 51 млн теңге бөлінді. Бүгінде қайтарымды 74 млн теңге осы мақсатқа пайдаланылуда, - деді облыс әкімінің орынбасары.
    Сонымен қатар, 264 шақырым су желілері мен 7,8 шақырым кәріз желілерін жөндеу жұмыстары басталды.
     Биыл Қызылорда қаласы және Жосалы кентінде 2 жоба іске асырылды. Ал қалған жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2017 жылы 36 жобаны іске асыру үшін 5,8 млрд теңге бөлінген. 35 жоба биыл аяқталады. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы жоба келер жылға қалдырылады.
    Жаңақорған ауданындағы электрмен жабдықтау жобасының жұмыстары аяқталуға жақын.


02 қараша 2017 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области