Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА 533 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА 533 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ


    Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы  9 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
    Басқарма есебіне сәйкес, биыл жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен 533,341 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теңгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді.
    Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 101,675 млн.теңгеге, жобалау жұмыстары да аяқталды..
    Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарының    36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 181,144 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
    «Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теңге бөлініп, осыған байланысты жұмыстар тиянақталды» делінген басқарма мәліметінде.
    Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

02 қараша 2017 ж. 536 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области