Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДИҚАНДАР ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДИҚАНДАР ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАДЫ


    Сыр күрішшілері облыс тарихында алғаш рет жарты миллион тонна астықты қамбаға құйды.
    Ерте көктемнен кетпен-күрегі қолдан түспеген еңбеккерлер күріштің әр гектарынан орта есеппен 55,3 центерден өнім алды. Егін жинау науқаны қорытындыланған «Алтын дән-2017» салтанатты шарасында сала үздіктері құрметке бөленді.
    Өңірде жалпы 181 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның тең жартысы күріштің үлесінде. Агросектордың барлық бағыты бойынша оң көрсеткіш байқалған Жаңақоған ауданы аймақ чемпионы атанды.
    Ғалым Әміреев, Жаңақорған ауданының әкімі:
    - Бұл біріншіден, ауданға тартылып жатқан инвестицияның арқасында. Сосын күріш саласында біз жылда 7 800 гектар егіп жүрсек, биыл 10 мың гектарға жеткіздік. Соңғы жылдарда осы аулы шаруашылығына тәуелсіздік кезінен бері ең үлкен көлемде техника сатып алдық. 260 млн теңгенің 21 техникасы. Ескі сұрыптарды ауыстырдық. «Маржанды» «Лидер» мен «Фаворитке» ауыстырдық. Ең үлкен өзгеріс – жаңа техника, технология және сұрыптарды енгізу.   
    Бақыт Жақанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
    - 5 жыл қатарынан күрішшілер жақсы нәтижеге қол жеткізіп келе жатыр. Барлығы мемлекеттік қолдау арқасында деп түсіну керек. Себебі биылғы жылдан бастап тұқымға байланысты берілетін субсидия көбейіп, оған бірегей тұқым өндіру, тұқымдарға супер элита субсидия төлене бастады. Тағы бір мақтанарлық жайт, республика бойынша 5 млрд теңге көлемінде «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы лизингке техника алсақ, ол республика көлемінде ең көп алынған техника болып табылады.
    Соңғы бір жылдың өзінде аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 48, ал күріш экспорты 53 пайызға артып отыр. Қуантарлығы, ұзақ жылдар бойы тұралап қалған бақшалық дақылдардың сауда айналымы жақсарып, 5 жарым мың тонна қауын-қарбыз шетелге саудаланды. Жергілікті егіншілер енді сұранысқа ие Иран күрішін егу алқаптарын көбейтуді жоспарлап отыр.
    Нұрлан Іздібаев, шаруашылық төрағасы:
    - Иран күрішінің Тором Хошими сортының өнімділігі төмен, бірақ нарықтағы бағасы өте жоғары. Біздің егіп жатқан Янтарь, Лидер күрішімен салыстырғанда оның нарықтағы бағасы 7-8 есе жоғары. Қазіргі кезде өткен жылы, биыл еккен есебінен мың гектарға жететін Тором Хошими сорты сақтаулы тұр. Келешекте солармен жұмыс жасасып, экспортқа шығарып, үлкен көлемде егемін деген ой да бар.
    Әділ Қошалақов, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:
    - Биылғы жылды диқандарымыз көтеріңкі көңілмен аяқтап жатыр. Жақсы өнім алдық. Бұл – елдің ырысы. Диқандарымыз келесі жылдың жұмыстарына дайындалып жатыр. Қазіргі таңда жер жыртылып, жұмыстар жүргізілуде. Келесі жылы да бұдан төмен болмаймыз деп ойлаймыз.
    «Алтын дән» мерекесі аясында жергілікті агротауар өндірушілердің өнімі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сырбойылықтарға арзан бағада ұсынылды.
    24.kz

02 қараша 2017 ж. 532 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области