Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БАҒДАРЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БАҒДАРЫ


    Қызылорда облыстық білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен колледж базасында «Латын графикасына көшу – болашақтың жарқын бағдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты – латын әліпбиін насихаттау, оған көшудің алғышарттарын енгізу.
    Семинарға қаладағы техникалық және орта арнаулы оқу орындарының әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының  оқытушылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. Алдымен колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Қ.Тоғанова сөз алып, шараның мақсатын, латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігі және қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлерге қатысты өз пікірін білдірді.
    Осыдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Болат Боранбай сөз алып, латын әліпбиінің Сыр өңірінде насихатталу жұмыстарына тоқталды. Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының  оқытушысы  Жаныгүл Ерекешова «Жаңа әліпби – жаңғырудың негізі», колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Сәлима Мәлімова «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлжанат Мұхиддинова «Қазақ графикасындағы латын графикасының орны», қоғамдық пәндер оқытушысы  Гүлдана Исаева «Латын әліпбиі және қоғамдық сана», «Негізгі орта білім беру» мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 4-курс студенті Гүлзира Омар «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында баяндамалар оқыды. Колледждің «Лингвист» үйірмесі мүшелерінің «Латын графикасын меңгерудің тиімді жолдары» тақырыбындағы жұмыстары  семинар қатысушыларының белсенділігін арттырып, латын әліпбиін тиімді қолдануға деген қызығушылығын оятты.
    Семинарға қатысушылар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты.





01 қараша 2017 ж. 1 351 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области