Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

РУХАНИ АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒЫШАРТЫ


    Бүгін Арал аудандық орталық  кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – рухани тәуелсіздік жолы» тақырыбында кездесу  өтті. Шараға  аудандық орталық кітапхана, филиалдар меңгерушілері, кітапханашылар  қатысты.  
    Кездесуде кітапхана директоры Ж.Әлішева Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілгенін айтып өтті.
    – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған латын алфавитіне көшу біздің қоғам үшін үлкен жаңалық болғаны рас. Сондықтан да күллі ел әліпби нұсқаларын талқылауға қатысты. Талқыдан өткен нұсқаны Елбасы жарлықпен бекітті. Латын әліпбиі қазақты әлемге танытудың тың бастамасы деп білемін, – деді ол.
    Сонымен қатар,  кітапханашылар М.Ақмырзева, Р,Садуақасова.М.Әйімбетова  латын әліпбиін пайдалану – қазіргі уақыт талабы екендігін атап өтті. Бұл әлеммен байланысқа, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деген пікірлерін білдірді.

01 қараша 2017 ж. 512 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области