Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ОРЫНДАР: ЖЕТІАСАР ЖАЗИРАСЫНДА ЖАЙҚАЛҒАН ШАҺАРЛАР

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КИЕЛІ ОРЫНДАР: ЖЕТІАСАР ЖАЗИРАСЫНДА ЖАЙҚАЛҒАН ШАҺАРЛАР

Шірік-Рабат мәдениеті өмір сүруін тоқтатқаннан кейін қазақ ғана емес, Орта Азия халықтары этногенезінің қалыптасуында орасан зор орны бар, дамып-гүлденуі мыңдаған жылға созылған атақты жетіасар мәдениеті Қуаң бойында қанатын жаяды.
  Бұл оазисте б.з.д. I мыңжылдықтың соңы мен б.з. VIII-IX ғасырларға дейін тіршілік ошағы болған жалпы саны шамамен 50-ден аса қамал-қала бой көтерген. Оның 27-ісі Жетіасар алқабында 5-7-ден топ-топ болып, Сырдарияның көне салаларының бірі Қуаңдария мен Ескідариялықтың ондаған ұсақ тарамдары мен қолдан қазылған оман арықтарының бойына салынған.
  Олардың қазіргі үйіндісінің биіктігі 18-20 м-ға жетеді. Асарлардың барлығы әртүрлі-деңгейде жасалынған қорғаныс жүйелерімен қоршалған. Қорған іші тұрғын үй, зәулім сарай және қолөнер шеберлері тұратын бөліктерге бөлінген.
Біздің пікірімізше, мыңдаған жыл тіршілігі тоқтамаған Жетіасар жазирасындағы өркениеттерден сақталған қалалардың барлығы қасиетті орын болып табылады.
/Жалғасы бар/.


Әзілхан ТӘЖЕКЕЕВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
«Археология және этнография»
ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
Шахизада ЕРГЕШ,
И.Панфилов атындағы
№5 мектеп-лицейінің оқушысы

22 мамыр 2018 ж. 373 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области