Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


    Кеше Қызылорда облысы әкімі Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Онда аймақ басшысына аудан әкімдері селекторлық байланыс арқылы дайындық барысын баяндады.
    Отырыста талқыланған алғашқы мәселе су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені болды.  Бұл бағыттағы жұмыстар жайын облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.С.Сермағамбетов баяндады.
    Биыл көктемде «2017-2020 жылдарға арналған ««Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы қабылданып, тиісті министрліктердің бірлескен бұйрығымен бекітілді. Аталған жол картасына облысымыздан барлығы 19,3 млрд. теңгені құрайтын 155 жоба енгізіліп отыр.
    Одан соң облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы А. Төлешевтің, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Б. Арыстанбаевтың хабарламалары тыңдалды.
    Комиссия отырысында аудан әкімдері де төтенше жағдайларды болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.  Күн қабағы салқындай түскеннен-ақ тиісті құрылымның төтенше жағдайға  сақадай сай болу керектігін айтқан облыс әкімі нақты тапсырмалар берді.
    Айгүл НҰРМАНОВА,
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

01 қараша 2017 ж. 529 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области