Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ


    Арал аудандық мәдениет үйінде  аралдық жастардың аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудан прокуроры Бауыржан Тоқмырза, зейнеткер Жақсыбай Жұқабаев, «Тоғыс Арал Отын» ЖШС директоры Мейрамбек Тоғысов және де «Арал-АС» тобының жетекшісі, жас кәсіпкер Төребек Дәрмағанбетовпен бейресми кездесуі өтті.
    Аудан әкімідігі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» атты еркін форматтағы кездесуге кәсіпорын жанындағы жастар жетекшілері, үкіметтік емес ұйым, белсенді жастар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, кездесу кейіпкерлерінің тағылымды ой-толғауларына қанықты.
    Кездесу барысында ең алдымен сөз кезегін алған аудан әкімі өзінің жастар жайлы ойын білдіріп, ел ертеңінің тұтқасы - бүгінгі жастардың болашағынан зор үміт күтетінін әрі жастарға артылған жауапкершіліктің мол екенін атап өтті.
    Сондай-ақ, өзге де кеш кейіпкерлері жалынды жастардың елге, жерге деген патриоттық рухын оятып, жігерін жанитын мысалдар келтіріп, өнегелі пікірлерін ортаға салды.
    Мұнан соң, сөз кезегін жастар алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын, толғандырған мәселелерін жеткізді.
    Жастардың ұтқыр сұрақтары аудан басшысын балалық шағына саяхат жасатса, тағы бір сұрақтар кеш қонақтарының өмірлік тәжрибелерімен бөлісуге шақырды. Кездесу соңында, жақында Елбасының Сыр өлкесіне жасаған сапары барысында Мемлекет басшысымен кездесу бақыты бұйырған, арманы орындалған Нұрсұлтан есімді бүлдіршіннің ақ тілегімен қорытындыланды.
    Осылайша, рухани жаңғыру жолына түскен аудан жастары игі шара шеңберінде тағлымы мол, өнегесі өрнекті кездесуге куә болды.  





01 қараша 2017 ж. 930 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области