Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ШИЕЛІ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
    Қазіргі таңда Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы бойынша 10-ға жуық жоба қолға алынған. Солардың бірі де бірегейі Қытай тарапы мен Қазақстан бірлесіп қолға алған Шиелі кенті маңындағы «Гежуба Шиелі цемент зауыты». Өткен жылы сметалық жобасы дайындалған нысанның іргетасын қалауға облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мен қос тараптың инвесторлары да қатысты. «Корпорация Данаке» ЖШС және «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» мекемелерінің өкілдері аталған жобаның жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтындығын жеткізді.
    «Жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысын келер жылдың соңында аяқтау көзделуде. Өндіріс орны толықтай іске қосылған кезеңде мұнай-газ және уран өндірісіндегі кең қолданыстағы тампонажды цементпен елдегі сұранысты 100 пайызға қамтуға болады»- дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқарамсы басшысының орынбасары Ж.Еламанов.
    «Гежуба Шиелі цемент зауыты» пайдалануға берілген кезде 260 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ жергілікті азаматтардың үлесі 85 пайыздан жоғары болатыныдығына, яғни мамандардың басым бөлігі жергілікті азаматтардан болуы басты назарға алынатындығы айтылды.




17 қазан 2017 ж. 726 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области