Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАТ АҒЫМ, ЖАТ ҚЫЛЫҚТАН САҚТАНАЙЫҚ

ЖАТ АҒЫМ, ЖАТ ҚЫЛЫҚТАН САҚТАНАЙЫҚ

Оқырмандарға діни экстремизм, терроризм терминдерінің мәнін ашу, адамгершілікке қарсы (антигуманды) сипатын түсіндіру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Діни экстремизм рухани дағдарыс» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері мәселелерін зерттеу орталығының теологы Бақтияр Оспанов қатысып, экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шаралары кеңінен айтып өтті.
  Шара барысында студенттер топқа бөлініп сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты. Бұған қоса, шараға қатысушыларға бейнеролик көрсетілді.
  Шара соңында «Діни экстремизм – опат болудың жолы!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.                                  




16 мамыр 2018 ж. 21 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области