Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТАРАТУШЫ ҰЙЫМДАРҒА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРІС АЯҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГИЯ ТАРАТУШЫ ҰЙЫМДАРҒА ЖҮРГІЗІЛГЕН ТЕКСЕРІС АЯҚТАЛДЫ

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын тарату жөніндегі қызметті көрсететін энергия таратушы ұйымдар 2018 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, электр энергиясын тарату жөніндегі қызметке қойылатын талапқа сәйкес таратуды қамтамасыз етеді.
  Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы С.Есімхановтың тапсырмасының негізінде осы Заңның 13-1-бабының 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген электр энергиясын тарату жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес электр энергиясын тарату қызметін көрсететін энергия таратушы ұйымдарға тексерулер жүргізілді.
  1. «Қорқыт ата» әуежайы» АҚ энергиямен жабдықтау ұйымында ішінара тексеру шеңберінде электр станциялары мен тораптарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес диспетчерлік технологиялық бақылауды ұйымдастыру талаптары сақтамағаны анықталды;
  2. «Шиелі-Энергосервис» ЖШС энергиямен жабдықтау ұйымы электр энергиясын жеткізуді жоспардан тыс тақырыптық тексеріс кезінде, электр станциялары мен тораптарын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес диспетчерлік технологиялық бақылауды ұйымдастыру талаптары арасында сәйкессіздік анықталды.
  Тексерулер Елбасының «Өңірлік электр желілік компанияларды кеңейту», атты 51-ші қадамын, «бес институционалдық реформасын жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам» атты ұлт жоспарын іске асыру үшін жүргізілді.
  Белгіленген электр энергиясын беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заң бұзушылықтарды жою үшін нұсқама шығарылды.
Заңның 6-бабының 10-тармағының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, электр энергиясын тарату қызметтерін ұсынатын «Шиелі-Энергосервис» ЖШС және «Қорқыт ата әуежайы» АҚ Табиғи монополиялар субъектілерінің Заңының 13-1-бабының 6-тармағының талаптарын сақтамағаны туралы мәліметтер табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік органға жіберіліп, нәтижесінде осы ұйымдардың электр энергиясын тарату тарифтері төмендеді.
16 мамыр 2018 ж. 14 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области