Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «КӨҢІЛ ӘЙНЕГІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«КӨҢІЛ ӘЙНЕГІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Жалағаш кентінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, сатирик ақын, журналист Қазына Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.
  Салтанатты шарада аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев киелі Жалағаш топырағында дүниеге келіп, сөз өнерін бойына сіңірген қарымды қаламгер, еңбегімен ел құрметіне бөленіп, Сыр елінің мақтанышына айналған ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қазына Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен құттықтап, ауданның «Құрмет» грамотасын табыс етті.
   Шарада ақынның өлеңдеріне арқау болған тракторшы апамыз, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Г.Қуандықова мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қ.Жәленова, «Көңіл әйнегі» кітабының баспадан шығуына демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиев, Р.Ералы сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
Соңында автордың сөзіне жазылған әндері, өлең-жырлары, толғауы, сатиралық туындылары орындалып, жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
16 мамыр 2018 ж. 83 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области