Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР 220 МЛН. ТЕҢГЕНІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР 220 МЛН. ТЕҢГЕНІ МЕМЛЕКЕТКЕ КЕРІ ҚАЙТАРАДЫ


    Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі мәжілісінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов ауыл шаруашылығы саласы бойынша берілетін субсидияларды кәсіпкерлерден мемлекетке қайта төлетіп жатқандығын айтып, алаңдаушылығын білдірді.
    «Қазіргі таңда облыс көлемінде шаруа қожалықтарынан 2014-2016 жылдар аралығында ауылшаруашылық саласына берілген субсидияларды мемлекеттік бюджетке кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына белгілісі 400-ден аса кәсіпкерден 220 млн. теңгеден аса қаражатты кері қайтару талап етілуде», - деген Палата басшысы проблеманы егжей-тегжейлі айтып берді.  
    «Бұл жерде субсидия жергілікті атқарушы органымен құрылған комиссиясының оң қорытындысымен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінее берілген. Субсидия алған кәсіпкерлер адал алушылар, қаражатты нысаналы мақсатта пайдаланған. ҚР заңнамаларында белгіленген нормаларға сәйкес ақшалар адал иеленушілерден талап етілуі мүмкін емес, алайда ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік органдар құқық қорғау органдарының ұсынысына сәйкес кәсіпкерлерден қаражатты бюджетке кері қайтару жұмыстарын жүргізуде», - деді мәжілісте Ғалымбек Жақсылықов.
    Айта кету керек, бұған дейін бөлінген субсидия қаражатын кері қайтару туралы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасының талап арызына сәйкес Кәсіпкерлер палатасы Қызылорда облысы прокуратурасының қолдауымен сотта 4 шаруа қожалықтарының 20 млн. теңгеге жуық қаражатын сақтап қалды. Бұдан басқа, Палата қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің сотқа берілген талап арызына сәйкес 3  кәсіпкердің құқығын қорғап, 4 млн. теңгесін сақтап қала алды.
    Палата директоры жоғарыдағы жайттарды айта келе «Кәсіпкерлерден қаражатты бюджетке қайта өндіру бойынша соттың кәсіпкерлердің пайдасына шешілген оң тәжірбиесі (судебный прецедент) болуына байланысты, Қызылорда облысының ауыл шаруашылық басқармасы Қызылорда облысының прокуратурасымен бірлесіп, адал кәсіпкерлерден қаражатты кері қайтару мәселесін қайта зерделеуді және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің шектемеу жолдарын қарастыруды ұсынамыз», - деді.  
    Мәжілісте Палата басшысы мұнан өзге, Байқоңыр қаласындағы кәсіпкерлердің проблемасын, салаға қатысты мамандардың біліктілігін көтеру жөнінде мәселелер көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.  
    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

01 қараша 2017 ж. 534 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области