Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СӨЗГЕ ЖАУАП ТАПҚАН ЖІГІТ

СӨЗГЕ ЖАУАП ТАПҚАН ЖІГІТ

Бір бай қонақ қондыруға өте тар адам екен. Елінің салты бойынша қызы айтқан өлеңге жауап тауып айта алмаса, беттеп келген қонақ ауыл иесінің қондырмағанына кінә қоя алмай, кете беруге тиісті екен. Сол қыздың өлеңіне ілік тауып айта алмай, талай қонақ қона алмай кетіпті. Сондағы қыздың өлеңі:
"Өнер тапса жігіттің бағы болды,
Кеше келіп қонақтар тағы болды.
Ай топырды күн сайын салмас болар,
  Қонақтың бізден кетер шағы болды", - деп, үйде отырып айтқан қыздың өлеңін естігенде, "Оу, үйде кім бар? Қонақпыз", - десіп шіреніп тұрғандар тіл қатпай кете береді екен.
  Осылай бай неше жыл бойы қонақтан ада болыпты. Осы қыздың "ақындығы" елге тарапты. Өлеңнің қарымын тауып айтуға шамам болар деген жігіт, неше жолдастарымен қыздың ауылына келіп:
"Қонақпыз!" деуі сол екен, қыз дағдылы өлеңді сыртқа шықпай, үйде отырып-ақ әндете айтып салады: Сонда жігіт:
"Аулыңның қонған жері белесте екен,
Әкеңнің іздегені кеңес пе екен.
Бұл үйде біз де қонақ, қыз да қонақ,
Екі қонақ бір жатсын демес пе екен", - депті жігіт.
  Қыз да, әкесі де үйден жүгіріп шығып, келгендердің атын байлап, үйге түсіріп, қонақ етіп алыпты.

15 мамыр 2018 ж. 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области