Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Республика бойынша бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында игі шара өтті. Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан өртке қарсы күрес бөлімінің қызметкері Арман Төлеубаевтың атындағы көшеге бірге оқыған сыныптастары ескерткіш тақта орнатып, ашылу салтанаты өтті.
  Салтанатқа облыстық және аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, төтенше жағдайлар ардагерлері, ауыл ардагерлері және тұрғындар қатысты.
  Шараны ауыл әкімі С.Байділдаев ашып, ерлікпен қаза тапқан азаматтың өмір дерегіне қысқаша тоқталып өтті. Шарада сондай-ақ, ауданның құрметті азаматы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Нұрмағанбетов, ауданның құрметті азаматы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Р.Кәрімов, облыстық төтенше жағдайдар департаментінің басқарма басшысы Р.Қайрақбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев, ұстазы Г.Нұрбаева, бірге оқыған сыныптастары атынан Ә.Нұрмаханов естелік айтты.
  Шара соңында А.Төлеубаевтың әкесі Қуанышбай Төлеубаев сөз алып ауқымды шараны ұйымдастырған ауыл әкімдігіне, ескерткіш тақтаны орнатып қолдау білдірген 1971 жылы туылған азаматтарға зор алғысын білдірді. Игі бастама сап түзеген өртке қарсы күрес қызметкерлерінің ескерткіш тақтаға гүл шоғын қоюымен аяқталды.          


11 мамыр 2018 ж. 39 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области