Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

ЕЛБАСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
  Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, өңірді дамытудың негізгі бағыттары және жұмыс сапарының қорытындылары бойынша облыс басшылығына берілген тапсырмалар жөнінде айтты.
 «Менің тапсырмаларымның бәрі облыста толық орындалуда. Бұл өңірдегі жұмыстардың бастамасы жақсы деп санаймын. Үш жылда 3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек былтырдың өзінде 35 мектеп салынды», - деді Елбасы.
  Сонымен қатар Қазақстан Президенті «Бес әлеуметтік бастаманың» өңірдегі іске асырылу барысына оң баға беріп, облыстың туристік әлеуетін дамыту қажеттігі туралы айтты.
  «Жұмыс сапарым барысында Алакөлге барып, оның туристік кластерімен таныстым. Барша қазақстандықтарға бізде тамаша демалыс орны бар екенін айтқым келеді. Бұл жер осыған дейін игерілмеген болатын. Оның инфрақұрылымы да, қонақ үйлері де болмаған еді. Бүгінде бұл өңірде бизнес өкілдері белсенді түрде жұмыс істеуде. Көлдің жағасында әлемдік стандарттарға сай келетін бес жұлдызды қонақ үй салынды», - деді Елбасы.
  Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде әңгімеледі.
  «Мемлекет «Алматы - Талдықорған» бағытында керемет жол салып берді. Бұл Алакөл арқылы Шығыс Қазақстанға апаратын өтпелі жол болады. Жол салудың арқасында көп жұмыс орны ашылады», - деді Мемлекет басшысы.
  Сондай-ақ, Елбасы өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштері оң қарқын алып отырғанын атап өтіп, облыстың даму барысына тоқталды.
  «Алматы облысы, әсіресе аграрлық салада, бәріне үлгі болып отыр. Өңір экономикасы 4,2 пайызға өсті, бұл еліміздегі орташа көрсеткіштен жоғары. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салалары өркендеп, іске қосылған әлеуметтік нысандар көбейіп келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
  Сонымен бірге Қазақстан Президенті облыс басшылығы тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін міндеттерге тоқталды.
  «Облыстың бүкіл экономикасы 3-4 ауданда шоғырланған. Оның өзі тек өнеркәсіпті қамтиды. Осы аудандар өңір экономикасының 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Басқа аудандар нашар дамуда, осы мәселеге назар аудару керек», - деді Елбасы. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірде мал шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторын дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

11 мамыр 2018 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области