Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨШПЕС ЕРЛІК

ӨШПЕС ЕРЛІК

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен мерейлі мереке қарсаңында ардагерлермен жастардың «Өшпес ерлік» атты кездесуі өтті.
  Кездесуге Ұлы Отан соғысының, тыл, еңбек, ауған соғысының, Чернобыль апатының ардагерлері қатысты. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына орай өткізілген шарада ардагерлерге құрмет көрсетілді.
  Мерейлі мерекемен ардагерлерді облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев және жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев құттықтады.
  Кездесуде ардагерлер өмірден көргенін, түйгендерін жастармен бөлісті. Ұлы Отан соғысының ардагері Шілдебаев Сейітхан «Жастар Сіздер қазір бейбіт, тәуелсіз, мүмкіндіктерге толы заманда өмір сүрудесіздер. Мұның барлығы тәуелсіздіктің және халық бірлігінің арқасында. Осы тәуелсіздікті бағалаңдар!»- деді.
  Шара барысында ардагерлерге арнап, күй тартылып ән шырқалды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың алғыс хатын табыстап, сый-сияпат жасады.
  Ардагерлер жастарға риза болып ақ батасын берді.                   


03 мамыр 2018 ж. 437 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области