Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЛАЛЫҚ ПІКІР САЙЫС-ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚАЛАЛЫҚ ПІКІР САЙЫС-ТУРНИРІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы ҚМУ бас оқу ғимаратында "Жас Отан" Жастар қанатының жанынан құрылған "Жалын" облыстық пікір-сайыс орталығы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай "Астана: Тарих, Мәңгілік Ел жәнеБолашақ" атты қалалық пікір-сайыс турнирі өтті.
  Турнирге жалпы 19 фракция қатысып, бақ сынасты. Іріктеу және финалдық ойындар нәтижесінде "Лидеры" фракциясы топ жарса, "Ел болашағы" фракциясы екінші орынды иеленді. ІІІ орынға таласқан "Бастау" мен "Жарқын болашақ" фракциялар арасындағы ойында айқын басымдылықпен "Бастаулық" спикерлер жеңіске жетті.
  Шара қорытындысында жеңімпаздарға Жастар ресурстық орталығының атынан бағалы сыйлықтар мен диплом табысталды.
  Сонымен қатар, "Үздік спикер" номинациясымен Әли Мүсілімұлы атындағы 101 мектеп-лицей оқушысы Дана Жұмахан иеленсе, "Үздік төреші" номинациясымен Мөлдір Ибрагим марапатталды.


03 мамыр 2018 ж. 449 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области