Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне байланысты Ант қабылдау шарасы өтті. Ант қабылдау жастарымызды отансүйгіштікке еліне берілгендікке баулудың рәсімі деп саналады.
  Рәміздер алаңында бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған 10 жас қызметкердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға ҚАЖ департаменті басшылығы, жеке құрам қызметкерлерімен ҚАЖ ардагерлері қатысты.
Салтанатты шара Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына сап түзеп, Әнұран орындауымен басталды. Одан соң Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңадан қабылданған жас мамандар қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді.   Сала ардагерлері қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада өздерінің естеліктерін айтып тәжірибелерімен бөлісіп, жас қызметкерлерге мемлекеттің және халықтың мүдделерін абыроймен және намыспен қорғауларына сәттілік тіледі.
  Департамент бастығының орынбасары, әділет майоры Талғат Тұрсынбаев жас қызметкерлерді құттықтап, олардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруына тілек білдіріп, лебізін жеткізді.

Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖ департаменті маманы






28 сәуір 2018 ж. 670 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области