Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»

«ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымына қарасты №29 Т.Ізтілеуов атындағы орта мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұстаздар арасында ашық отырыс өтті.
  Онда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы талқыланды.
  – Қазіргі таңда сөздің емес, істің адамына басымдық беріледі. Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы әлемнің озық және заманауи, таңдаулы үлгілері негізінде жаңа деңгейде сапалы білім беруді көздейді. Ол үшін кемел келешектің иесі болашақ ұрпақ үшін әр адам өзінің білімі мен біліктілігіне, мәдениеті мен тұлғалық қасиеттеріне, өмірлік дағдыларына мән беруі қажет,- деді мектеп директоры Зарипа Тасымова
  – Аталған жобаның бізге берері көп. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 оқулықтың жарыққа шығуы-сөзіміздің дәлелі. Олар экономика, философия, тарих, тіл білімі, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтыған. Бір ерекшелігі, бұл кітаптың барлығы ана тілімізге ағылшын тілінен тәжімаланған. Әлемдік деңгейдегі ғылымның, білімнің озық жетістіктерін меңгеру үшін оқу орындарында осындай деңгейдегі саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың еңбегін оқыту өте маңызды,- дейді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Алдамұратова.
Жиын соңында болашақ иесі жастарға жаңа оқулық өркениет көшіне рухани азық болатыны айтылды.
28 сәуір 2018 ж. 438 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области