Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

«МЫҢ БАЛА» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Жалағаш кенті, №31 мектеп-гимназиясында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Қыз- ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты сайыс өтті. Үш топтың қыздары «қызды қырық үйден тию», қыз баланың тәрбиесіне байланысты арнайы дайындалған 7 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады.
   Сайысқа Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Шакизат Абраманова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудандық сарапшысы Гүләйім Мәлік, №31 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тоты Жалиева қазылық етті.
  «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Шакизат Абраманова жарысты қорытындылап, «Мың бала» жобасының бастау алғандығын айтып өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Томирис» тобы, ІІ орынды «Болашақ арулар», ІІІ орынды «Достық» тобы иеленді. Жарыстың жеңімпаздарына «Қоғамдық келісім» КММ-нің арнайы Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.                                                      

28 сәуір 2018 ж. 661 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области