Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Жалағаш аудандық мәслихатының келісімімен Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы тағайындалды.
    Қ.Сәрсенбаев 1961 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-гидротехник», Қазақ ауылшаруашылық институтын «ауылшаруашылық кәсіпорындардың ұйымдастырушысы-экономист», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1983 жылы Сырдария аудандық суландыру жүйелері басқармасының инженері ретінде бастаған. 1986-1996 жылдары Сырдария аудандық комсомол комитетінде, Халықтық бақылау комитетінде және Халық депутаттары аудандық кеңесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
    1996-1999 жылдары «Қазагропромбанк» акционерлік қоғамы Сырдария аудандық бөлімшесінің басқарушысы, Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі.
    1999-2014 жылдары Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы.
    2014 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

31 қазан 2017 ж. 406 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области