Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕР СҰХБАТЫ» ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ФОРУМЫ ӨТТІ


          Қызылорда облысында «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер  сұхбаты» атты  облыстық  еңбек форумы  5 жылдан бері тұрақты өтіп келеді.
         Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында  дәстүрге айналған форум биыл  «Абылай хан» колледжінің базасында ұйымдастырылды.
         Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған форумда аймақтағы еңбек ресурсының  сұранысына сәйкес, индустриалды – инновациялық  жобаларды жүзеге асыруға үлес қоса алатын маман дайындау мәселесі талқыланып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалды. Сонымен  қатар  шағын және орта бизнес  өкілдеріне  қажетті  кадрлар әзірлеу жайы  сөз болды.
         Меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары қатысқан форумда 3 секция жұмыс жасады.
          Секция аясында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы - Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық факторы» тақырыбында директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңарту жолдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына дуалды оқыту әдісін енгізудегі ерекшеліктер талқыланды.
         Шара соңында 4 көрме өткізіліп, оның жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.


31 қазан 2017 ж. 435 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области