Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДӘУЛЕТТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫ АДАМДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫ

ДӘУЛЕТТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫ АДАМДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып жариялануына орай «Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы» атты жас кәсіпкерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды.
  Кездесу барысында Business Start иновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов қатысушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты кеңестер беріп, тәжірибесімен бөлісті. Жастардың басым бөлігін қызықтырған «Кәсіпкер қандай қасиеттерге ие болу керек?», - деген сауал болды. Бұл сұраққа «Сырғалым» той орталығының жетекшісі А. Бектұрғанова «Кез келген кәсіпкерге әр түрлі адамдармен сөйлесе алу, бастаған істе табандылық таныту және нәтижесі үшін жауапкершілікті ала білу сынды қасиеттер аса маңызды», - деп жауап берді.
  Қызылорда қаласындағы Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатының экономика пәнінің мұғалімі А. Сейсекеева оқушылар мектепте алдағы уақытта экономика пәнінен бизнестің бастапқы қадамдары, бизнес жоспар құрып, шығын мен пайданы есептей білу кәсіпкерлік нысанын ашып, қаржы нарығын бағамдау туралы теориялық білім алып ғана қоймай, кәсіпкерлік нысандарына шығып, тәжірибелік сабақтарына да қатысатын болатынын айтып өтті.
  Облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Ә. Мұратұлы бизнесте алғашқы қадамдарын жасағысы келген жастарға табыспен іс жүргізіп жүрген жандардың жетістіктерінің құпиясымен бөлісті.
Шара соңында «Кәсіпкерлік - Қазақстанның жетістікке апарар күші» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.                                         



23 сәуір 2018 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области