Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 500 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙІН КҮМБІРЛЕТЕДІ

500 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗГІЛДЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙІН КҮМБІРЛЕТЕДІ

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде 500 домбырашы бір мезгілде Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының ұйытқы болуымен өтетін шара отаншылдыққа тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениеті мен музыкасын дамыту мақсатын көздейді. Оған танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамыс та қатысады.
«Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған «Ұлы дала үні» ауқымды домбыра-флешмобына кез келген адам музыкант ретінде де, көрермен ретінде де қатыса алады. Ашық аспан аясында мерекелік өнер көрсету барысында жиналған қауым қазақтың ұлттық музыка аспабының үнінен ләззат алады», - делінген Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
  Айта кетерлігі, флешмобқа қатысу үшін dombyra-flashmob.kz сайтында тіркеліп, жеке байланыс мәліметтерді қалдыру қажет. Шара 1 мамыр күні сағат 15.00-де өтеді «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда өтеді.



23 сәуір 2018 ж. 322 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области