Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ - ІІМ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ - ІІМ

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне қатысты сауда орталықтарындағы тексерулердің барысы жайында есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  «Азаматтық қорғау органдары биылғы 2 сәуірден бастап адамдар жаппай баратын сауда нысандарының өртке қарсы қорғануына тексеру жүргізді. 2018 жылдың 20 сәуірдегі мәліметі бойынша жалпы 972 тексеріс тағайындалып, оның ішінде 851-і аяқталды. Тексерумен қамтылған нысандарда 10 мыңнан астам ереже бұзу анықталды», - деді Ю. Ильин.
Оның сөзіне қарағанда, барлық кінәлі адамдар әкімшілік жауапқа тартылды, салынған айыппұлдар сомасы 16 млн теңгеден асты. Осы орайда нысандарды пайдаланып отырғандарға аталған кемшіліктерді жоюға қатысты нұсқаулар берілді.
  «Осы нысандарда шамамен 2-ден 20-ға дейін ережебұзушылықтар анықталуда», - деді министрдің орынбасары.
Белгілі болғандай, бұл нысандар бойынша бақылау тексерістері ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында басталады.
  Бұдан бөлек, ел аумағындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын толықтай орындап келген 11 нысан тіркелді. Бұл ірі сауда орындарында ешқандай кемшіліктер анықталмады.
  Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер бизнесмендердің Қазақстандағы ойын-сауық және ірі сауда орталықтарының тексерісіне қарамастан, өз нысандарының өрт қауіпсіздігіне салғырт қарайтынын айтты.


23 сәуір 2018 ж. 285 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области