Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӘКІМ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӘКІМ


    Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазалы аудандық мәслихатының келісімімен Қазалы ауданының әкімі лауазымына Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы тағайындалды.
    М. Ергешбаев 1966 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын жоспарлау» және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облысы Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, 1990-2008 жылдары Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы, «Әлембанк - Қазақстан» акционерлік қоғамы басқарма бастығының орынбасары, Қызылорда облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі, «Қазақстан халық банкі» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры, Қызылорда облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының вице-президенті қызметтерін атқарды.
    2008-2017 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
    2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

30 қазан 2017 ж. 408 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области