Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ТОП ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ


    Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалы директоры Қадырхан Еңсепов аудан кәсіпкерлері алдындағы есепті кездесуде айтты.
    Филиал басшысының мәліметінше ауданда кәсіпкерлердің құқықтарын бұзудың жолын кесу мақсатында оңтайлы топ құрылған. Бұл топ мүшелері заңсыз тексеру фактілері туралы хабарлама немесе арыз түскен жағдайда орнына барып, заңдылығына сай зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Осы жылы кәсіпкерлер тарапынан түскен 9 арыз-шағым оңынан шешілген.
    Мұнан өзге филиал заңгерлері арнайы сенімхатпен кәсіпкерлердің мүддесі үшін сот отырыстарына қатысып, құқығын қорғауда.
    Есепті кездесуде Қадырхан Еңсепов аудан тұрғындарына көрсетілген өзге де қызмет түрлеріне тоқталды.  
    Жыл басынан бері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілері кәсіпкер немесе кәсіпкер болуға ниетті 832 аудан тұрғынына мемлекеттік бағдарламалар аясында 2365 кеңес берсе, 167 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсеткен.
    Мұнан өзге, жыл ішінде 50 азамат «Бизнес-кеңесші» оқыту курсынан өтсе, 211 аралдық «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімін жетілдірген.
    Нәтижесінде, Палата мамандарының сүйемелдеуімен жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар арқылы аудан кәсіпкерлері және кәсіпкерлікке ниеттілердің 562,9 млн. теңге болатын  143 жобасы қаржыландырылып, 208 аудан тұрғыны жаңа жұмыс орнымен қамтылған.
    Оның ішінде екінші деңгейлі банктер 206,1 млн. теңге болатын 9 жобаға қаржы бөлсе, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» 68,9 млн. теңге болатын 15 жобаға қаржы бөлген. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 274,4 млн. теңге болатын 105 жоба, «Инновациялық гранттар» арқылы 13,5 млн. теңге болатын 14 жоба қаржыландырылған.
    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір ай оқып, кейін жеңілдетілген несиеге қол жеткізген Гүлнәр Әлібаева жаңа бағдарламаның арқасында Аралда құс фермасын ашқалы жатқандығын жеткізді.
    – «Бастау Бизнес» жобасында білім алғаннан кейін кәсіппен айналысуға ниеттес азаматтардың басын қосып, арнайы кооператив құрдық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болар»,- дегендей, нәтижесінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 16 млн.теңге несие ала алдық. Қазір құс фермасының материалдық-техникалық базасын қалыптастырудамыз. Ауылдықтар үшін бұрын іс бастауға несие алу қиынның қиыны болатын. Қазір, шүкір, мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық жағдай жасалуда бізге. Жақын күндері, кәсібімізді жандандырып, аралдықтарға сапалы қызмет көрсетеміз деген сенімдемін», - дейді Гүлнар Әлібаева.  
    Есепті кездесуде аудан әкімдігі мен прокуратура саласының кәсіпкерлерді қолдау бағытында қабылдаған шаралары жайлы кеңінен түсінік берілді.


30 қазан 2017 ж. 485 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области