Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ 20 КҮНДІК ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ 20 КҮНДІК ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Арал теңізіне ғылыми экспедиция ұйымдастырылады. Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы қолға алған сапар 20 күнге созылады 24.kz.
  Отандық ғалымдар біріншіден, Аралдың туристік әлеуетін зерттемек. Осылайша өңірге шетелдік туристерді тарту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек теңіз суының құрамына гидробиологиялық талдау жасалады. Ол үшін экспедиция мүшелері Оңтүстік Аралға да жол жүруді көздейді.
  Нұржан Алғашов, QazaqGeography халықаралық және ғылыми жұмыстар бөлімінің менеджері:
  - Ең басты мақсатымыз - бұл Арал теңізінің суын зерттеу. Шекаралас Өзбекстан мемлекетіндегі Оңтүстік Аралдың да, біздің Солтүстік Аралдың да суын зерттеу. Ол химиялық ластығын, қышқылдығын және фитопланктонның қанша бар екенін зерттеу. Сол үшін экспедиция қатарында Назарбаев Университетінің гидробиолог ғалымдары барады.
  Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар өткен ғасырда тұқымы жойылып біткен Тұран жолбарысын қазақ даласына қайтаруды көздеп отыр. Ол үшін қазір Іле-Балқаш өңірінде олардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасалып жатыр. Мемлекет осы аймақта экожүйе құруға биылдың өзінде 120 млн теңге бөліпті. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай Қазақстанда 100-ден астам Тұран жыртқышы пайда болуы тиіс. Бұл аңның популяциясын қалпына келтіру үшін Амур жолбарыстарын әкелу жоспарланған.
16 сәуір 2018 ж. 11 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области