Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов Қостанай қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегерлерін қабылдады. Республикалық қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша ауданымыздың үш оқушысы жүлделі орындарды иеленген болатын.
  Атап айтқанда қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі пәнінен №272 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ғалымжанова Айдана мен орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілі пәнінен №108 орта мектептен 10 сынып оқушысы Тен Надеждалар ІІІ орын, Қазақстан тарихынан №26 орта мектептің 11 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек ІІ орынды иелененіп республикалық деңгейдегі білім додасында облыс, аудан мақтанышына айналды.
  Білімді ұрпақ - ел болашағы. Сондықтан да ата-аналармен ұстаздардың қоғаммен бірлесіп жасаған еңбегі үлкен жетістікке жеткізеді. Осы ретте білімді де білікті ел тірегі болатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты екендігі белгілі.
  Шара соңында аудан әкімі ата-аналар мен ұстаздарға және жеңімпаз оқушыларға жылы лебізін білдіріп, сый-сияпат жасап құттықтауын жеткізді.



16 сәуір 2018 ж. 165 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области