Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН «ОТАН-АНА» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН «ОТАН-АНА» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ


   17-18 мамыр күндері Қызылордада танымал әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған «Отан-Ана» екінші республикалық әншілер байқауы өтеді. Қазіргі кезде үміткерлерден байқауға қатысу үшін өтініштер қабылдануда, құжат қабылдау 20 сәуірге дейін жалғасады.
   Ән сайысына 18 бен 30 жас аралығындағы жас орындаушылар бақ сынайды.
Байқау 2 кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде қатысушылар еркін тақырыптағы ән орындаса, екінші айналымда Б.Шөкеновтің әнін аспапты ансамбльдің сүйемелдеуімен орындайды.
   Қатысушылардың өнерін республикаға танымал кәсіби музыканттар, композиторлар, музыка өңдеушілер, мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайды. Үздіктер орындау шеберлігі, сахна мәдениеті мен бейнесі, репертуар таңдауы бойынша анықталады.
   Республикалық байқау облыстық әкімдіктің қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы - облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
   Байқау туралы толық мәліметті мына байланыс телефондары арқылы алуға болады.
Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы Тел: 8(7273 ) 78-91-04
Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 78
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы
   Байланыс телефондары: 8(7242) 27-76-33, 27-26-56,87058638070, 87029141434

16 сәуір 2018 ж. 59 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области