Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
    Отырыс барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету және цифрлық дағдыларды дамыту мәселелері талқыланды.
    Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ төрағасы А. Оспанов және «Зерде» Холдингі» АҚ төрағасы Р. Еңсебаев аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы баяндады.
    Бүгінгі таңда Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 120 іс-шара қарастырылған. Электрондық сауданы дамытуды ынталандыратын салық кодексіне заңнамалық өзгерістер енгізілді. АТ-стартаптардың халықаралық технопаркініңжобасы іске асырылуда. Астана қаласында АТ бойынша халықаралық университетті құру тұжырымдамасы әзірленді.
    Білім беру саласында Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында цифрландыру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мектепке дейінгі білім беруде балабақшаларға кезекке қою және бағыт беру (13 қала мен 1 облыс) жүйесі жұмыс істейді. Республика бойынша 4 500-ден астам мектеп электрондық журналдар менкүнделіктерге қосылған, ол 3,5 млн қолданушыны қамтиды (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар).
    Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың архитектурасы медициналық деректержәне медициналық құжаттарды қағазсыз басқаруға көшіруге мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйені (МАЖ) енгізуді көздейді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарында МАЖ енгізу үлесі 87,6% құрайды. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу жоспарда бар.
    Дәрігердің қабылдауына жазылу, зерттеу нәтижелеріне және рецептілерге қол жеткізу, емделушілермен кері байланыс та электрондық форматта жүргізіледі, электронды денсаулық паспорты құрылуда. Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінкомпьютерлік техникамен жабдықтау 83,1%-ті құрайды. Денсаулық сақтау ұйымдарының 51% интернетке қосылған. 2021 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіштерді 100%-ке жеткізу көзделген.
    Мемлекеттік қызметтер саласында электронды үкімет порталы 235 қызмет түріналуға мүмкіндік береді, eLicense.kz электрондық лицензиялау порталында 399 автоматтандырылған қызмет бар.
    2017 жылы «электронды үкімет» порталы арқылы 34 млн-нан астам қызмет көрсетілді, «E-лицензиялау» арқылы 922 мыңнан астам лицензиялар мен рұқсатқұжаттары берілді. Бизнес желісі бойынша электронды үкімет порталында 44 онлайн қызмет қолжетімді. 2012 жылдан бері еgov арқылы 135 377 астам компания ашылған. 2017 жылы 33 мыңнан астам заңды тұлға тіркелген.
    Астана қаласында алғашқы Цифрлық ХҚКО іске қосылған, онда азаматтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторында немесе қоғамдық қолжетімділік пункттері арқылы өз бетінше электронды қызметтерді алып, сондай-ақ электронды қызметтерді алу бойынша оқыту курсынан өте алады. Жыл соңына дейін еліміздің барлық облыс орталықтарында цифрлық ХҚКО ашу жоспарланған.
primeminister.kz
13 сәуір 2018 ж. 423 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области